Көлік салығын төлемесеңіздер, асығыңзыдар. 1 сәуірден кейін өсімпұл есептеледі. Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары қалған екі жетіден кем уақыттың ішінде міндетті төлемді өтеуге шақырады.
Көлігі бар азаматтар 2022 жылға көлік салығын төлеуге міндетті. Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілерге арналған шара өтті. Оның барысында сала мамандары міндетті төлемдерді-салықты мерзімінде төлеуге шақырды.
1-сәуірден кейін көлік салығын төлемеген азаматтарға қатысты Салық Кодексіне сәйкес шара көріледі.
Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталында орналыстырылған салық калькуляторының көмегімен немесе «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында дербес есептеуге болады. Сонымен бірге, салық органдарымен есептелген алдағы төленетін көлік құралдарына салынатын салықтың сомалары «Каспий банк» АҚ мобильді қосымшаның пайдаланушыларына PUSH-хабарлама түрінде наурыз айында жіберіледі.
Есептелген салық сомаларын «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Электронды сервистер»→«ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу қызметі» сервисінде, сондай-ақ «Каспий банк» АҚ мобильді қосымшасында көруге болады.