«Amanat» партиясы премьер-министрдің қызметіне Әлихан Смайыловты тағайындауды ұсынды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады.
Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан жаңа премьер-министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды.