Қ. Тоқаев: Әкімшілік реформаны жалғастырып, бюрократияны барынша азайтуы керек

37
Қазыбек базарында сауда қызып тұр

Мемлекет басшысы Үкімет баса мән беруі тиіс негізгі бағыттарды атады. Әуелі экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету. Ол жылына кем дегенде төрт пайыз болуы керек. Президент, сондай-ақ, инфляцияны төмендету жайын баса айтты.

Биыл кемінде екі есеге дейін азайту міндеті қойылып отыр. Инфрақұрылымды дамытуға назар аудару мәселесі де айтылды. Әсіресе, еліміздің газ өңдеу қуатын арттыру үшін жаңа жобаларды жүзеге асырып, 25 су қоймасын салу ісі өзекті. Аймақтарды дамыту жұмысы да маңызды. Үкімет пен әкімдіктер бірлесіп, әр облыстың әлеуетін арттыру бойынша жүйелі жұмыстарды қолға алуы қажет.

Ең басты мәселе мемлекеттік аппараттың жұмысын қайта қарап, оны жаңғырту. Үкімет әкімшілік реформаны жалғастырып, бюрократияны барынша азайтуы керек деді Президент.