Шымкентте жолдарды жамау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

46

Шымкентте жолдарды күтіп ұстау бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қаланың 5 ауданындағы жол-жамау жұмыстарын 12 бригада атқаруда. Автомобиль жолдары басқармасының басшысы ең алдымен магистралды көшелердің ақауы ретке келтірілетінін мәлімдеді. Тек осыдан кейін ғана елдімекендер арасындағы көшелер жамалады.

Биыл Шымкентте жолдарды жамауға біраз күш жұмсалады. Өйткені, ақаулар жылдағыдан көбірек. Қалалық автомобиль жолдары басқармасының сараптамасына сай, магистралды көшелердің өзінде 9,5 мың шаршы метрден астам ақаулар анықталған. Бұл қыстың қатты суық болуымен байланысты дейді мамандар.

Мұқтар Қоқанбаев, Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы: «Биыл қыстағы анамалды суық пен қар жауғаны салдарынан жолдардың бұзылуы жылдағыдан өзгеше болды, өкінішке орай. Ақпан айында өте көп ақаулар пайда болғаннан кейін шұңқырларды жамау бойынша ақпанның 20-нан бастап жұмысты бастап кеттік».

Наурыз айының соңына дейін қаладағы негізгі орталық көшелердегі ақаулар толық жамалып бітеді. Ал одан кейін халық тарапынан түскен арыз-шағымдар аясында жұмыстар жүргізіледі. Осылай деген қалалақ автомобиль жолдары басқармасының басшысы ең алдымен магистралды көшелер ретке келтіріліп, кейіннен елдімекендердегі көшелерді жөндеу басталатынын жеткізді.

Мұқтар Қоқанбаев, Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы: «Қазір ең басты сын бұл қаланың айналма жолы, А2 автомоиль жолы. Әсіресе, Қазығұрт мөлтек ауданының қасындағы «Нұр» аялдамасы болып табылады. Ол жерде шұңқыр жамалмайды, ол жақта ұзындығын шамамаен 20 метрден астам учаскеге асфальт құйылады».

Автомобиль жолдарын күтіп ұстау, шұңқырларды жамау және қалпына келтіру жұмыстарын жалпы 12 бригада атқарып жатыр. Қала аумағындағы көлік қарқыны жоғары орталық Қонаев, Тәуке хан, Бәйдібек би даңғылы, Желтоқсан, Бақбаева, Рысқұлов, Пазикова, Жібек жолы, Назарбекова көшесі мен Темірлан тас жолының бірқатар бөліктерінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.