Шардараның өз әуежайы болмақ

460
Күмісбек Орашев:"Жолдарды күтіп ұстау үйлестіру және ұйымдастыру жұмыстарына байланысты

Жыл басынан атқарған тірлігіне есеп беру кезегі ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына да келіп жетті. Басқарма бастығы Күмісбек Орашевтың бұл алғашқы баспасөз мәслихаты екен. Шенеуніктің қызметіне кіріскеніне 4 ай болыпты.

Өзекті мәселердің бірі 17 мыңнан астам автомобиль жолдарын алдағы қыста күтіп ұстауға 65 млн теңге бөлу жоспарлануда. Бүгінде басқарманың мамандары өңірдегі асуларда болып, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша қажетті іс-шараларды пысықтапты. Қазіргі таңда инертті материалдар мен 175 дана техника дайындалды деп баяндаған басқарма басшысы қыста аса қиындықтар туындамайды деп сендірді.

Күмісбек Орашев:"Жолдарды күтіп ұстау  үйлестіру және ұйымдастыру жұмыстарына байланысты
Күмісбек Орашев жолдарды күтіп ұстауға шақырады

Күмісбек Орашев,  ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы : «Автомобиль жолдарын  күтіп ұстау міндеті «ГазДС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жүктелді. «ҚазАвтодор» мекемесі  банкроттыққа ұшыраған. Алайда жолдарды күтіп ұстаумен  жекеменшік мекеме емес мемлекеттік мекеме айналысқаны  жөн. Талап та қоюға болады».

Шымкент қаласында Республика даңғылы және Байдібек би даңғылы алдындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінің ЖСҚ дайындалып, сараптамадан өткізілді.  Рысқұлов даңғылы, Еуразия базары және Темірлан тас жолымен Мангелдин көшелерінің  қиылысында орналасқан  жаяу жүргінші өткелдерінің ЖСҚ дайындалып, сараптамаға жіберілді.

Күмісбек Орашев,  ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы : «Күнделікті облыстың жолаушыларына  қызмет көрсетуге  61 компания 2 700 автобустар мен шағынавтобустары бағыттарға шығады. Басқарма мен тасымалдаушылар арасында  түзілген келісім шарт талаптарын орындамағаны үшін 2 көлік  компаниясымен келісім шарт бұзылып, 21 тасымалдаушыға 2 миллион теңгеден астам айыппұлдар салынды».

Облыстағы барлық елдімекендердің тұрақты қоғамдық көлікпен қамтамасыз етілгені жөнінде толық сараптама жүргізіліп, автокөлік бара алатын 766 елдімекеннің 642-і қоғамдық көлікпен қамтылған. Қазіргі уақытта облыста  7 автовокзал және 23 автобекет тізілімге енгізілген.

Шардара қаласына әуежай құру тиімділігі жан-жақты зерттелуде екен. Бүгінгі таңда  әлеуметтік маңызы бар облыс ішілік «Шымкент-Түркістан» және «Шымкент-Сарыағаш» теміржол бағыттары бойынша 2 пойыз аптасына 5 реттен қатынайды. Аталған бағыттарды  субсидиялауға 2013 жылы облыс бюджетінен 161 миллион теңге бөлініп, 204 мыңнан астам жолаушылар тасымалданыпты.