Түркістан облысындағы автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 81,4 пайызға жеткізілмек. Биыл автомобиль жолдарының құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 400-ге жуық нысан немесе 1250 шақырым жол мен елдімекен көшелері қамтылып, ағымдағы жылы 780 шақырымнан астам жол пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен мәжілісте айтылды.

Жиында аймақ басшысы тарапынан жол сапасын арттыруға қатысты бірқатар тапсырмалар берілді. Жыл сайын жолдарды жөндеуге жұмсалатын қаржының тұрақты бөлінуін және жолдарды жыл бойына күтіп ұстауға жеткілікті қаржыны қарау тапсырылды. Сондай-ақ жөндеуден өткен жолдардың мерзімінен бұрын бұзылуын болдырмау үшін ауыр салмақты жүк көліктерінің қозғалысын реттеу жүктелді.

Ролан ИБРАГИМОВ Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы: «Біз ауыр жүктерді тексеру бойынша мамандар жетіспейді».

Өмірзақ Шөкеев облыс үшін маңызды Шымкент, Түркістан, Сарыағаш айналма жолдарының құрылысын бастау бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен тиісті жұмыстар жүргізу қажеттігін айтты. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын атқару кезінде кемшіліктерге жол бергені үшін мердігер, техникалық және авторлық қадағалаушы мекемелерге айыппұлдар салынды.

Ескертулер беріліп, 58 мың шаршы метрден астам асфальт жамылғысы, 6,2 шақырым жол негізі бұзылып, қайта салынды. «Сапалы жол-Адалдық алаңы» жобасы аясында анықталған барлық ақаулар қалпына келтірілді.

Шынар Оразова