Оңтүстік 117 млрд.теңгеге ұсыныс жасады

624
Шымкент-Сарыағаш бағытындағы облыстық жолда жөндеу жұмыстары басталып кетті
Шымкент-Сарыағаш бағытындағы облыстық жолда жөндеу жұмыстары басталып кетті
Шымкент-Сарыағаш бағытындағы облыстық жолда жөндеу жұмыстары басталып кетті

Оңтүстікте республикалық маңызы бар жолдардың жырым-жырымы шыққан. Халық оны жыр қылып айтып та жүр. Әсіресе, облысымыздың төрт бірдей ауданы мен көршілес өзбек елін жалғайтын Шымкент-Ташкент күре жолында көліктер аман шықпайды. Аталмыш жолда жыл соңына қарай күрделі жөндеу жұмыстары басталмақ. Бұл туралы Сарыағаш ауданында өткен жиында мәлім болды. Мемлекеттің 2020- жылға дейінгі инфрақұрылымдарды дамыту бағдарламасы талқыланып, ұсыныстар тыңдалды.

Қоғамдық тыңдауда ұсыныстар көп болды
Қоғамдық тыңдауда ұсыныстар көп болды

Азат Бектұров, ҚР көлік және коммуникациялар вице-министрі: «Жаңа бағдарлама аясында көптеген жобалар әзірлеп жатырмыз. Өңір-өңірлерді аралап, ұсыныс-тілектер қабылдаудамыз. Өз басым оңтүстік өңіріне түскеніме қуаныштымын. Бүгінгі басқосуға тек жауапты мамандар ғана емес, үкіметтік емес ұйымдарда қатысуда. Біз бқл жобаны жыл соңына дейін түзіп бітуіміз қажет. Егер Үкіметтен қолдау тапса, 2020 жылға дейін вокзалдар жөндеуден өтіп, аэродромдар іске қосылып, күре жолдарда интеллектуалды жүйе 100 пайызға жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, темір жолдардағы тапшылық тыйылатын болады».

Өңір жолдарының 50 пайызы облыс, 50 пайызы ел қазынасынан жөнделетін болады. Бүгінгі таңда жобасы жасалып, күрделі жөндеуді талап етілетін жерлер анықталған. Облыс бойынша жеті темір жол вокзалы болса, соның алтауы жөндеуді қажет етіп отыр. Жолға қатысты тағы бір проблема ауыр жүк көліктері мен заңсыз көлік тасымалы. Оңтүстікте 31 автовокзал болса, соның бірде-бірі стандартқа сай келмейді. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Әбілсейіт Рабаев жария етті.

Өздеріндегі өзекті мәселелерді көтере келген көрші облыстағы жауаптыларға бірге жұмыс істеу де ұсынылды. Инфрақұрылымды дамытуға біздің аймақ 117 млрд.теңгеге дейін ұсыныс тастаған. Егер билік дұрыс деп тапса, Шардара, Түркістан, Мақтарал аудандарында жергілікті аэропорт салынып, санитарлық авиацияда дамымақ. Сондай-ақ, кіші қалаларды дамыту бағдарламасына енген Кентаудағы темір жол қайта қосылатын болады.

Жиын барысы
Жиын барысы

Болат Нәжимитдинұлы, облыс әкімінің орынбасары: «Бұл 117 млрд. Барлығы бірден қолдауға ие болмайтынына көзіміз жетеді. Алайда біртіндеп, 2020 жылға елдің де әлеуеті көтеріліп ұсыныстар жұзеге асатынына сенімдіміз. Жиынның Сарыағашта өтуінің де өзіндік себебі бар. Мұнда Өзбекстанмен шекаралас жатқан Қапланбектегі жол тар. Соны кеңейтсек деген жоспар да бар. Мұндағы тағы бір мақсатымыз, ұсыныстарымыздың маңыздылығын көрсетіп, бізге көбірек көңіл бөлсе, біз жақтағы осы жолдарды дұрыстаса деген үлкен мәселе-ол бірінші. Екінші –транзиттік мәселе. Оның барлығы керек емес, егерде біз транзиттік потенциалды көтермесек. Істеп жатқанымыздың барлығы түкке пайдасы тимейді, егер инфрақұрылым, жол дұрыс болмаса».

Осы саладағы жаңалықтардың бірі Батыс Еуропа, Батыс Қытай халықаралық дәлізіне байланысты. Өзге өңірлерге қарағанда біздің облыста ғасыр құрылысының жұмыстары кешеуілдеп жатыр. Оның құрылысы 2015 жылы аяқталады деп жоспарланған. Бұл басқосуда Жамбыл мен Қызылорда облыстарының жолдары да тысқалмады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Jqsrtu2cues[/youtube]