Биыл Түркістан облысында 626 мың түп көшет егіледі

71

Түркістан облысында биыл елді мекендерге 500 мыңға жуық көшет егілді. Ал кейбір аудандарға қосымша сұраныс арқылы тағы да 80 615 түп көшет таратылды. Жалпы, қазіргі таңда 17 аудан мен қалаға орман шаруашылығы мекемелерінен 550 112 мың дана көшет тегін үлестірілген. Ақпан айынан басталған көшет егу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Кентау қаласының орталық көшелері биыл аршамен сәнделеді. Одан бөлек 8 мың түп раушан гүлі мен 25 мың әртүрлі көшеттер отырғызылды. Жауаптылардың сөзінше, қазірдің өзінде көктем айына белгіленген меже толық орындалып қойған. Енді оны күтіп ұстау жұмыстары қолға алынған.

Мақсұт Ғайруллаев, Кентау қаласының «Жасыл қала» КММ-нің директоры:
«Қаланың орталық көшелеріне арша, туя, қарағай отырғыздық. Басқарма тарапынан көгалдандыруға берілген көшеттерді егу, оны күтіп-баптау, суару жұмыстары бізге жүктелген. Бүгінгі таңда қалада көшеттерді отырғызу ғана емес, оны күтіп-баптау, суару жұмыстары жүйелі түрде атқарылып жатыр. Мәселен, ағаштарды уақытылы суарып, тыңайытқыштар сеуіп, күтім жұмыстары жүргізілуде. Отырғызылған көшеттердің өнімділігі күз айында белгілі болады».

Жалпы биыл Түркістан облысының аудан мен қалаларына 550 112 түп көшет тегін таратылды. Орман шаруашылығы мекемелері ақпан айынан бастап рухани астаны көркейтуді қолға алған. Қазірдің өзінде 469 мың көшет егіліп үлгерді. Жалпы биыл көктем айларында облыстағы елдімекендерге 626 мың түп көшет отырғызу жоспарда бар.

Әлімжан Арыстанов, «Жасыл аймақ» КММ директорының орынбасары
«Өткен жылдан бастап аудан, қала елді мекендерге көшет тарату жұмыстары басталды. Былтырғы жылға қарағанда биылғы жылы көшет тарату саны артқан. Орман шаруашылығының тұқымбағында өсірілген ағаштардың түрлерін Түркістан облысындағы елді мекендерге таратып берудеміз. Сондай-ақ бірінші кезекте көшеттердің жерсінуіне және аудандардың ерекшеліктеріне қарай ағаш түрлерінің бөліп, жіберудеміз».

Сондай-ақ қазір кейбір аудандарға қосымша сұраныс арқылы тағы да 80 615 түп көшет таратылды. Олар Отырар, Арыс, Ордабасы, Сауран, Қазығұрт, Келес, Түлкібас, Төлеби аудандары. Жауаптылар алдағы уақытта облысты көгалдандырып қана қоймай, оларды күтіп ұстауға да ерекше мән беріледі деп отыр.