Ө.Шөкеев Түркістанды көгалдандыру жұмыстарымен танысты

197

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістандағы көгалдандыру жұмыстарын бақылап отыр. Қазіргі уақытта киелі өлкенің тазалығын сақтауға 200 қызметкер мен 40 техника жұмылдырылған.

Ондағы тазалау шаралары тәулік бойы жүргізіледі және мамандардың қадағалауында. Айта кетейік, бүгінде Түркістанда 32 сектор бойынша аббаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Аймақта 250 ағаш көшеттері отырғызылып, 1 млн. шаршы метр газон төселіп, 300 мың шақырымды құрайтын суару жүйесі орнатылған. Сондай-ақ, өңірге «Жасыл белдеу» бойынша 13,5 мың га жерге 21 млн-нан астам түп ағаш егілген.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жергілікті халықты тазалықты сақтауға, сол арқылы аймақтың көріктендіру жұмыстарын үлес қосуға шақырды.

Диана Біржанова