Екі тұрғыннан 100-ден астам «Трамадол» таблеткасын тәркіледі

46

Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты деректердің алдын алу және жолын кесу аясында, Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Сарыағаш аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, «Трамадол» дәрілік препаратын сақтаудың екі жайтын анықтады.

Мәселен полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жергілікті тұрғынды тоқтатты. Тексеру кезінде ер адамның сырт киімінің қалтасынан әсері күшті 100 таблетка «Трамадол» тәркіледі.
Осыдан кейін бір тәулік өткенде тәртіп сақшылары, басқа ауыл тұрғынынан психотроптық препаратты сақтаудың тағы бір дерегін анықтады. Яғни ауыл тұрғынының сырт киімінен «Трамадол» дәрісіне ұқсас 4 таблетка тәркілеп алды.
Полицейлер бұл жайттарды ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.