Келес ауданында өнеркәсіптің нақты индекс көлемі 91,3 пайызды құрады. Ал өндеу өнеркәсібі 84%-ға жетті.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда біршама төмен. Атап айтқанда, сүт өндірісі 7,4, жұмыртқа өндірісі 2,4, ет өндірісі 1 пайызға кеміген. Ал мал шаруашылығында ірі қара мал саны 8,4, қой саны 18,5 , жылқы басы 13,2, құс саны 13,8 пайызға азайды.
Сондықтан өңір басшысы аумақтағы шаруашылықты жолға қою жайында өз ұсынысын жеткізді. Тапсырмалар хаттамаға енгізіліп, мамандарға қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.