Шағын және орта бизнесті қолдау арқылы экономиканы дамыту

16
фото tirshilik-tynysy.kz

Бүгінгі таңда үкімет бизнесті жүргізуді жақсарту және әкімшілік жүктемені азайту жөнінде жүйелі шараларды сондай-ақ кәсіпкерлік серіктестікті ынталандыру жұмыстарын жүзеге асыруда.

Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық экономиканы дамытудың маңызды факторлары болып табылады. Ресми статистика деректеріне сәйкес, соңғы жылдары жалпы ішкі өнімде шағын және орта бизнес үлесінің өсуі байқалады.

2021 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде Қазақстандық шағын және орта бизнес экономикаға қатысуы 33,5 % – 36,5 % дейін, яғни 3% өсті. 2023 жылы жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 10,4%, яғни, 4,3 млн адамға жетті.

Шағын және орта бизнес саласында қазіргі таңда мемлекеттік бизнесті қолдаудың сұранысқа ие шараларының бірі «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалау құралдары болып отыр. «Даму» қоры оператор болып табылады.

Мәселен, 2023 жылы қорытындысы бойынша кредит соммасы 1 трлн. теңгені құрайтын 12 мыңнан астам кредиттерді субсидиялау арқылы жеңілдетілген қаржыландыру шараларымен қамтылды.

340 млрд. теңге сомасымен 8 мың жобаға кепілдік берілді. Қаржылық кеме жобасы аясында 10 мыңға жуық кәсіпкер оқытылды. Кәсіпкерліктің түрлі мәселелері бойынша 166 мыңнан астам консультация берілді. Ағымдағы жылдық бюджетте шағын және орта бизнестен 40 мың және 20 мың жаңа жобаны қолдауға 300 млрд. теңге көзделді.

Өңірлік субсидиялау жөнінде жобалардың басым бөлігі Алматы, Астана, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Алматы облыстарында іске асырылады. Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында осы жобалар әлі аз. Салалар бойынша өңдеу кәсібі көлік қоймалау, білім беру жобалары басым. Кепілдік беру құралы бойынша ең көп жобалар Астана, Алматы қалаларында және Павлодар облысында. Мұнда да салалар бойынша өңдеу өнеркәсібі және көлік қоймалау жобалары басым.

Президеттің халқына жолдауында айтылған министрлік «Бизнестің жол картасы» қарапайым заттар экономикасы бағдарламаларын біріктіруді көздейтін мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну жөнінде бағдарламаны әзірледі.

Бағдарламада жеке қабілетті импортты және экспортты бағдарланған салаларды дамытуға және жаңа жұмыс бастауға баса назар аударылды. Мәселен, бағдарлама алты бағыттан тұрады олар:

микрокәсіпкерлік, шағын және орта кәсіпкерлік, өңдеу өнеркәсібі мен көрсетілетін қызметтері шағын және орта ірі кәсіпкерлік.

Моно және шағын қалалардағы ауылдық елдімекендердегі кәсіпкерлік, әлеуметтік кәсіпкерлік қор биржасы.

Осы бағыттар шеңберінде субсидиялау үшін бюджетті бөліп негізінен өңдеу өнеркәсібі саласында кәсіпорындар үшін жүзеге асырылатын болады.

Бағдарлама субсидиялау үшін құралдарына қаржылық емес өзгеру шараларына біртіндеп көшуді көздейді. Шағын және орта кәсіптерін субсидиялау жөніндегі жаңа тәсілдер нарықтық жағдайларға кезең -кезеңімен көшу арқылы субсидиялаған әдісін көздейді.

Мәселен, алғашқы 3 жылда субсидиялауды ескере отырып түпкілікті қарыз алушы- 8%, 4 жылы -9%, 5 жылы- 10% мөлшер бойынша қаржыландыратын болады. Бұл тәсіл бюджетке түсетін жүктемені азайтуға, бизнестің нарықтық қаржыландыратын, типтеріне біртіндеп көшу жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қолдау шаралары тиімділігін арттыру мақсатында жүктемелер күшейтілді. Бәсекеге қабілетті және орта кәсіп орындарын іріктеу үшін барлық кіріс шарттары белгіленді. Сонымен қатар субсидиялауға болатын біртіндеп көшу кепілдіктері бойынша қатар жүретін болады.

Кепілдік беру құралы ең тиімді шара болып табылатынын бизнестің проблемасы банктерінің алдындағы кепілдіктердің жетіспеу проблемасын шешетін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Сонымен кепілдік беру бойынша кредиттеу соммасы бойынша 3,5 млрд теңгеге өсті. Кепілдіктер 50% дейін берілетін болады. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жүктеу тізбегі қайта қаралатын болады. Бұл ретте кепілдік беру жаңа тәсіл нарықтық жағдайға көшуді көздейді. Онда 500 млн теңгеден астам кепілдіктер бойынша кәсіпкерлер комиссия төлейтін болады.

Әлеуметтік кәсіпкерлер үшін кепілдік мөлшері 1 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. «Бір ауыл бір өнім» жобасына қатысушылар үшін грант беру арқылы өңірлік бағдарламаларды іске асыруы ретінде ұсынылады. Әзірленген бағдарламаның жаңа бизнестің барлық кезеңдерінде оның үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді. Бұл ұлттық экономика министрлігінің баяндамасында келтірілген деректер.

Самал Әбілқасым,

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық

қазақ-түрік университеті

«Журналистика» мамандығының 2-курс студенті