Шымкентте тағы да жаңа индустриалды аймақ ашылады. Бүгінде нысанда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Қазір аймаққа инфрақұрылым жүйесін жеткізу қолға алынған. Сонымен қатар айтулы аймақта орналсқан Қайнар бұлақ тұрғын алабын табиғи газбен қамту жұмысы басталып кетті. 60 мың тұрғын қашан көгілдір отынға қол жеткізеді?
Шымкент қаласы жаңа индустриалды аймақпен толығады. Қайнарбұлақ тұрғын алабы маңында «Бозарық» өнеркәсіп алаңы салынып жатыр. Қазір инфрақұрылым жүйесі қолға алынды. Мұнда 30 инвесторлық жобаны қолға алу көзделген. Жоспар орындалса қайнарбұлақтық 1000-нан аса тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады.
Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Қазір 10 шақты құрылысқа жерін бердік. Құрылысты бастайын деп жатыр. Біз кәсіпкерлерді ең бірінші жарықпен қамтуымыз керек. Қазір жиналыстың барысында талқыладық, шілдеге дейін жарық келетін болды. Инвесторларға мүмкіндік жасалады. Мұның бір кереметі Қайнарбұлақта 60 мың тұрғын бар. Солар қалаға жүрірмей-ақ осында жұмыспен қамтылатын болады»
Ал Қайнарбұлақта коммуналдық жүйелер құрылысы қарқын алды. Мұнда газ құбыры жүргізіліп жатыр. Бірнеше жылдан бері көмірмен үйлерін жылытып отырған тұрғындар көгілдір отынның келетініне қуанышты.
«5-6 жыл болды. Әлі күнге газ келмеген еді. Газсыз әрине қиын болды. Көптен күткен көгілдір отын биыл келіп қалады ма деп үміттеніп отырмыз. Жақсы ғой келсе» — дейді қала тұрғыны.
Шенеуніктердің айтуынша бұл мегаполистегі ең шеткі ауыл. Сондықтан да инфрақұрылым мәселесі шешілмеген жалғыз аймақ. Қазірше су мен электр жарығы келіп үлгерді. Ал көгілдір отын 2024 жылы толық тұрғындар игілігіне беріледі.
Бұхарбай Парманов, Абай ауданының әкімі: «Биыл бәрі жоспар бойынша жүргізіліп жатыр. Жұмыстың бәрі келесі жылға өтпелі. Бірақ әкім айтып кеткуендей біткен-біткендей суын жа, жарығын да, газды да бере береміз»
Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «2020-2021 жылы бұл елдімекенге газ, су, электр қуатының магистралын тарттық. Қазір ішкі орамдарға көшті. Биыл электр қуатын 100 пайыз бітіреміз. Газ құрылысы басталды. Құрылысты 2 кезеңге бөлгенбіз 7-7 млрд. теңгеден 14 млрд. өте көп қаражат, сондықтан оеы біз екі жылға бөліп, 2024 жылы аяқтаймыз»
Сондықтан қала басшысы биыл да тұрғындарға көмір сатып алып, қамдана беруді сұрайды. Ал жоспар аяқталса 2024 жылы 28 абонент табиғи газға қосылады.