Түркістанда түркі халықтарының мәдени мұрасы ұлықталады. Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының бейресми кездесуі аясында қолөнершілер жәрмеңкесі өтеді. Онда ұлттық нақыштағы бірегей бұйымдар, дәстүрлі өнер мен рухани құндылықтарды дәріптейтін заттар қойылады.
Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының бейресми кездесуі аясында ұлттық қолөнер мен рухани мұраны насихаттайтын қолөнершілер жәрмеңкесі өтеді. Қолөнершілер орталығында ұйымдастырылатын шарада шеберлердің қолынан шыққан бірегей бұйымдар ұсынылады. Мұнда келушілер ұлттық нақыш пен дәстүрлі өнердің ерекше атмосферасын сезіне алады.
Түркістан — Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан рухани һәм экономикалық орталық. Ежелден сауда-саттық пен қолөнер қайнаған. Тарихи шаһар түрлі мәдениеттер тоғысында сауда мен ынтымақтың ордасына айналған. Зұлпыхар Жолдасовтың айтуынша, қолөнершілер орталығы соған бағытталған.
Ресми мәліметке қарағанда, өткен жылы аймаққа миллионның үстінде саяхатшылар келген. Саяхатшылардың арасында шетелдіктердің саны артқан. Айта кетейік, облыста 1700-ден аса тарихи орын бар. Олардың ішінде XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген.
Дилара Иса






