Тұрғындар арасында «А» вирустық гепатитінің өсуі байқалады

34

Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы және ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО» ШЖҚ РМК Шымкент қалалық филиалы мамандарымен бірлесіп семинар өткізді.

Аталмыш семинар «Профилактикалық егулермен қамту, вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттардың қозғалысы туралы деректерді (№ 3, 4 есепті нысандар) вакцинация модуліне енгізуді, енгізілген деректерге бақылау жүргізу және қала тұрғындары арасында «А» вирустық гепатиті ауруының өсуіне талдау» тақырыбында өтті.
Оған қалалық медицина ұйымдарының, аурухана мен емханалардың басшылары, «Ана мен бала жөніндегі» орынбасарлары, иммунолог, иммунопрофилактикаға жауапты дәрігерлер, вакцинация модуліне деректерді енгізуге бекітілген жауапты мамандар, инфекционист дәрігерлер, госпиталды эпидемиолог дәрігерлерінің қатысты.
Семинарда Шымкент қаласының СЭБД инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы М.Байырбеков баяндама оқып, «Вакцинация модулі» базасына вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттардың қозғалысы туралы енгізілген деректерге, «Grafana» дашборд базасы арқылы енгізілген деректердің уақтылы және сапалы енгізілуіне бақылау жүргізуге тоқталып өтті.
ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО» ШЖҚ РМК Шымкент қалалық филиалының денсаулық сақтау жүйесінің мониторинг бөлімінің басшысы профилактикалық егулермен қамту, вакцинациялар мен басқа да иммунолобиологиялық препараттардың қозғалысын «Вакцинация» модуліне енгізу туралы айтты.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс иммунологы қала тұрғындарының арасында «А» вирустық гепатиті ауруы тіркелуінің өсу жағдайына талдау жасады.