Түркістанда арнайы IT- hub ашылды

Түркістан облысында алғашқы арнайы ІТ хаб ашылды. Білім ошағы бір уақытта 80-ге жуық оқушыны оқытуға қауқарлы. Мектеп соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен, робототехника кабинеттермен жабдықталған. Білім ошағына балалар 10 жастан бастап қабылданады. Жауаптылар алдағы уақытта облыс көлемінде хабтың тағы 2 бөлімшесін ашуды жоспарлап отырғандарын айтады.

Түркістанда арнайы IT Hub ашылды. Облыстағы бірінші көпсалалы IT мектебі жоғары білікті мамандарды дайындайды. 20-дан астам бағытта курстар қарастырылған білім ошағы 80-нен астам баланы оқытуға мүмкіндігі бар.

Әсет Әбдіраханов, Түркістан облысы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер және архивтер басқармасының басшысы: “IT мамандарды даярлау бойынша Түркістан облысында алғаш рет инвестиция тартылып, IT мектеп ашылып жатыр. Бір кезеңде 80-ге жуық балалар оқитын мектеп, 2 қабаттан тұрады. Ашылған жұмыс орын саны-13. Қазіргі таңда облыс көлемінде тағы 2 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз.” 

Жаңа білім ошағы заманауи құрал-жабдықтармен және робототехника кабинеттерімен жабдықталған. Оқушылар үшін балаларда цифрлы білім мен дағдыларды дамытуға бағытталған арнайы білім беру бағдарламалары әзірленген. Ашылу салтанатына қатысқан Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға программалау, электроника, механика, электрика және пневматика өнімдері таныстырылды.

Көрмеде өндірістік робототехника бойынша әзірленген жабдықтар мен құрылғылар, жасанды интеллектте жұмыс жасайтын роботтар, автоматтандыру және басқару стендтері қойылған. Айта кетейік айти мектебінде 10 жастан бастап білім алуға болады. Ал инвесторлар алдағы уақытта қосымша тағы екі мектеп ашуды жоспарлап отыр.