Түркістанда дала жұмысына минералды тыңайтқыштар үшін 6,5 млрд. теңге бөлінген

81

Түркістан облысында жазғы дақылдар егу жұмысы кешеуілдеп жатыр. Биыл жоспар бойынша көктемгі дала жұмыстарына 488 мың гектар жер бөлінген. Алайда оның 8 мың гектары әлі игерілмеген. 

Түркістан облысында жазғы дақылдарды 488 мың гектар алқапқа егу жоспарларған. Алайда кейбір аудандарда дайындық жұмысы дұрыс жүргізілмей, 8 мың гектар жер игерілмеген. Биыл мақта алқабы азайса да, шаруалар мал азығын егуді қолға алған.


Тұрғанбек Оспанов, Түркістан облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы: “Малазықтық дақылдар 46 мың гектарға жоспарланып, 27 мың гектары егілді. Бұл жұмыстар кейбір аудандарда өте төмен. Жандандыру керек. Көктемгі дала жұмыстарына жанар-жағармай мен тыңайтқышты жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жанар-жағар маймен қамтамасыз ету үшін облысқа  48,2 мың теңге қаралған”

Жазғы дақылдарды егу процесі небәрі 28 пайызға орындалған. Ал малазығы 58 пайызды құрайды. Сондықтан облыс басшысы көрсеткіш төмен аймақтарда жұмыс барысын бақылауды тапсырды.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: «Көктемгі дала жұмыстары кейбір аудандарда сапалы орындалмай отыр. Жаздық дақылдарды егу үшін 488,6 мың гектар алқапты жырту жоспарланған. Бірақ қазір 8 мың гектары әлі дайындалмаған. Сор шаю жұмыстары бойынша да жұмысты күшейту керек. Мақтаарал, Жетісай аудандарында көрсеткіш төмен. Сондықтан жұмыс барысы бақылауға алынсын»

Күнгей өңірлік шаруаларды минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 6,5 млрд. теңге бөлінген. Сол арқылы 331,3 мың га алқап тыңайтылады. Ал тұқыммен қамтамасыз ету мақсатында 600 млн. теңге қаралды