Жетісайда 14 жасар қызды зорламақ болған күдікті ұсталды

140

Түркістан облысы Жетісай ауданында 9-сынып оқушысын зорламақ болған күдікті ер адам ұсталды.

Полицейлер жедел-тергеу тобы шараларын жүргізіп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 122-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бірқатар сот-сараптамалары тағайындалды. Қылмыстық іс Түркістан облыстық Полиция департаменті басшысының тікелей бақылауында.

Еске салсақ, бұған дейін 14 жасар қызды көршісі зорламақ болғаны туралы жазған болатынбыз. Жәбірленушінің анасы OTYRAR тілшісіне оқиғаның қалай болғаны туралы толық айтып берді.