Бүгін Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, Еңбекші ауданы әкімдігі, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы қызметкерлері «Базарқақпа» тұрғын алабындағы 20 кәсіпкерлік нысанға зерделеу жұмыстарын жүргізіп, солардың қатарында 11 коммерциялық нысанның маңдайшасының заң талаптарына сәйкес еместігі анықталды.
Кәсіпкерлік нысан иелеріне заң талаптарының сақталуы жөніндегі парақшалар таратылып, ақпараттық ескерту жұмыстары жүргізілді.