Базарқақпа тұрғын алабында өрт шықты

268

Шымкентте таңғы сағат 08:05-те Еңбекші ауданындағы Базарқақпа тұрғын алабында өрт шықты. Жамалов көшесі бойындағы тұрғын үйдің ауласында ғимараттың шатыры жанып кетті.

Құрылым П-тәрізді, 2 үй-жайдан тұрады, шатырмен қосылған. Құрылыстардың жалпы ауданы 8х25 кв.м. (200 кв.м.) және 8х12 кв. м. (96 кв. м.) (үй-жайда шаруашылық және құрылыс материалдары сақталған).

Өрт 08:59-да ауыздықталып, 09:21-де сөндірілді. Өрттің жалпы ауданы 248 шаршы метрді құрады. Өрттің себептері мен залалдың мөлшері анықталуда. Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 34 адам және 8 бірлік техникасы тартылды.