Бір тәулікте 200-ден астам жасөспірім жауакершілікке тартылды

26

Түркістан облысында 1 тәулікте жасөспірімдерге қатысты 200-ден астам құқықбұзушылық анықталды.

ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша 9 әкімшілік хаттама, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол беру бойынша-7, 21 жасқа толмаған адамдарға темекі мен темекі бұйымдарын сатқан-5 және алкоголь өнімін өткізу бойынша ҚР заңнамасының талаптарын бұзған 7 бұзушылық анықталды.

Сондай – ақ, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған 13 азаматқа хаттама толтырылды. Ал заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болған 150-ден астам дерек анықталды.