ЕАЭО елдерінде жанармай арзандады

44

Еуразиялық экономикалық одақта наурыз айында өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда бензиннің бағасы 0,7 пайызға төмендеді. Еуразиялық экономикалық комиссияның статистика департаменті дизель отыны 0,6 процентке арзандағанын хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, Арменияда бензиннің бағасы 14,4 процентке арзандаса, Қырғызстанда 10,9 процентке, ал Беларусьте 1,7 пайызға төмендеді. Арменияда дизельді отын да айтарлықтай арзандады. Оның бағасы өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 6,1 процентке түсті.