Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу соты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен айып тағылған Шымкент қаласының екі тұрғынына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын 4 айға ұзарту туралы өтінішті қарады.
Тергеу әрекеттерін жүргізу нәтижесінде олардан жалпы массасы 9705.0 грамм гашиш, 1010.0 грамм апиын, 3985.0 грамм гашиш және 690.0 грамм героин есірткі заттары анықталып, алынған.
Сот іс бойынша жинақталған құжаттарды зерттей келе, прокурордың өтінішхатты қолдайтыны, қорғаушының күдіктіге қатысты «кепіл» немесе «үйқамақ» бұлтартпау шарасын қолдану туралы пікірлерін тыңдап, сот, прокурорды күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын ұзарту қажеттігін негіздеді деп табады.
Сот қаулысымен күдікті азаматтарға «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасына 4-айға санкция беру туралы өтініш қанағаттандырылып, ұзартылды.
Қаулы заңды күшіне енбеген