Қажылыққа баратындарды биыл 3 әуе компаниясы тасымалдайды

37

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл 4 мың қажыны Сауд Арабиясына Flynas, Jazeera, Turkish Airlines әуе компаниялары тасымалдайды деп хабарлайды ҚМДБ-ның мәліметінше. Конкурсқа Кувейттің Jazeera, Біріккен Араб Әмірлігінің Air Arabia, Түркияның Turkish Airlines, сондай-ақ Сауд Арабиясының Flynas әуе компаниялары қатысып, 3 әуе компаниясы таңдап алынды.

Атап айтқанда, тікелей рейстер арқылы қажылар қасиетті мекенге жылдам жетуі үшін Flynas әуе компаниясы таңдалды. Ал арзан әуе билетін қалаған туроператорлар үшін Jazeera әуе компаниясы қызмет көрсететін болды. Әлемнің озық үлгіде қызмет көрсететін әуе компанияларының қатарына кіретін «Turkish Airlines» әуе компаниясы жайлылықты қалаған қажылар үшін таңдалды.
Қажылар Астана, Алматы, Түркістан және Ақтау қалаларынан ұшаққа отырып, Мекке (Жидда) және Медине қалаларына жеткізіледі.