Úı ANONS Құны 50 млн. теңге тұратын смартфондар тәркіленді

Құны 50 млн. теңге тұратын смартфондар тәркіленді

 ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті «Қордай» өткізу пунктінде Қазақстанға бағыт алған ҚР азаматының басқаруындағы жолаушылар микроавтобусын тоқтатты.

Автокөлікті тексеру барысында құпия орында жасырылған ілеспе құжаттары жоқ 220 смартфон табылды.

Алдын ала мәлімет бойынша тәркілеген мобильдік құрылғылардың бағасы 50 млн теңге шамасын құрайды.

Ұсталған ҚР азаматы мен тәркіленген жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін аймақтық Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.

Exit mobile version