70-ке таяп қалған қария тойда балет билеп, көпті таң қалдырды

1937

70 жылдық мерейтойға қонақ боп келген қария көпті өзінің биімен таң қалдырды. Зейнеткер лирикалық әнге балет әртістері сияқты билейді.

Бұл сәттің видеосын ТікТок қолданушысы парақшасында жариялады.

«Ағамыз 70 жаста»,-деп жазды автор.

Қарияның биін көрген желі қолданушылары оның өнеріне тәнті болып, ұзақ ғұмыр тіледі.

«Тамаша, мықты билейді екен», «Алла қуат берсін», «Керемет ұстаз, керемет адам», «Арқасы тік, қарын салбырап тұрған жоқ. 70-те мынандай дене бітімде болу тамаша ғой», «Жақсы ғой, денесінің барлығы қимылдап тұр», «Ағамыз жігіттей екен», «Күшті, жасыңыз ұзақ, деніңіз сау болсын», «Алла мықты денсаулық берсін», «Өнерің адамы екені көрініп тұр» деп жазды желі қолданушылары.

Пікір қалдырғандардың бірқатары ерекше дене бітімі және өнерімен өзгелердің көзіне түскен зейнеткер кезінде балет әртісі болғанын, бүгінде хореограф, профессор Алмат Құмаржанов екенін алға тартқан. Айта кетейік, Алмат Мүшелбайұлы бүгінгі таңда Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінде жұмыс істейді. 69 жастан асқан ұстаз хорегорафия бөлімінде студенттерге дәріс беріп жүр.