Интернет-саудамен айналысушылар сатылымдары туралы есеп береді

55

Ағымдағы жылдың  1 шілдесінен  бастап интернет-саудамен айналысушылар ерікті түрде Мемлекеттік кірістер комитетіне сатылымдары туралы есеп береді. Аталған жаңашылдық туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов хабарлады.

Сонымен қатар, салық кезеңінің қорытындысы бойынша интернет саудамен айналысушылар салық декларациясын толтырады.

«Бұл, алдымен, салық кезеңінде оны бөліп төлеуге мүмкіндік береді. Екіншіден, салық есебін тапсыру процесін жеңілдетеді. Бүгінде елімізде 80 мыңнан астам кәсіпкер тауарларын интернет алаңдар арқылы сатады. Айта кететін жайт, аталған пилоттық жобаларға қатысу ерікті түрде жүзеге асырылады», – дейді Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы.