Úı ANONS Полицейлер заңсыз ақша айырбастау фактілерінің жолын кесті

Полицейлер заңсыз ақша айырбастау фактілерінің жолын кесті

Рейд барысында Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен Жергілікті полиция қызметі полицейлері бірлесіп, Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» кеден бекетінен заңсыз ақша айырбастаумен айналысатын 9 азаматты анықтады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 7 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ 2 құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы бойынша жауапқа тартылып, айыппұл салынды.