Қай елді мекендерде электр энергиясына төмендетілген тариф белгіленеді?

47
Электр қуаты

Табиғи-климаттық жағдайы күрделі шекара маңындағы елді мекендер үшін электр энергиясына төмендетілген тариф белгіленеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі ашық талқыға шығарған Ауылдарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасында жазылған.

«Шекара маңындағы ауылдарда тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жөнінде шаралар қабылданатын болады. Атап айтқанда, сумен, электрмен, жылумен және газбен жабдықтау желілерін салу және реконструкциялау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Бұл ретте табиғи-климаттық жағдайлары күрделі шекара маңындағы елді мекендер үшін электр энергиясына төмендетілген тариф белгіленеді», – деп жазылған Ашық НҚА порталында жарияланған  тұжырымдамада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай құжатқа  сай, шекара маңындағы климаты қатал ауыл тұрғындарының 1 жылдық еңбек өтілі 1,5 жыл болып  есептелмек.