Қазақстанда 34 млн алаяқтық қоңырау бұғатталды

25
фото Жетісу

Соңғы жылдары банк қызметкерлерінің атынан жасалған телефон алаяқтықтары жиілеп кетті. Қылмыскерлер көбіне нөмірді ауыстыру қызметін пайдаланады.

Өткен жылы полиция қызметкерлері осындай 3600 қылмысты анықтады. Осыған байланысты ІІМ оларды бұғаттау мәселесін көтерді. Ведомство Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, “Ксеll”, “КаР-Тел”, “Altel” және “Теle2” ұялы байланыс операторларының антифрод-жүйелерінің дерекқорларын біріктіруді ұйымдастырды.