Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының тілдерді дамыту саласында атқарған жұмыстары жайлы басқарма басшысы Сәкен Шакеев баяндады. Айтуынша, ағымдағы жылдың 5 айында Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығында 533 азамат қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен курстан өтті.
Оның ішінде: қазақ тілінен – 314 адам, орыс тілінен – 44 адам, ағылшын тілінен — 175 адам. Ұлттық құрамы: қазақтар – 345, орыстар – 96, өзбектер – 37, өзге этностар – 55. Мемлекеттік қызметшілер – 115, азаматтық қызметкерлер – 418.
2023 жылғы 5 айында өткізілен байқаулар мен семинарлар: «Көркемсөз оқу шеберлері» байқауы; «Сандық технологиялар арқылы тілдерді оқытудың түрлі инновациялық әдіс-тәсілдері» семинар-тренингісі; наурызда «The Best Teacher» қалалық байқауы. 12 мамырда «Ана тілі және отбасы – 2023» қалалық байқауы.
Алдағы уақытта ұйымдастырылатын шаралар: 23 қазанда «Мемлекеттік тілді білу – парызың» байқауы; 5 қыркүйекте «Мемлекеттік тіл – менің тілім» қалалық форумы; 10 қазанда «Тілдарын – 2023» байқауы; 14 желтоқсанда «Тіл – тәуелсіздік тірегі» конференциясы.