Тұран ауданында ауыз су бұрқақтары орнатылып жатыр

49

Биыл Шымкент қаласы, Тұран ауданы аумағында 13 ауыз су бұрқағы орнатылады. Олар Мәделі қожа — Рысқұлбеков көшелерінің қиылысы, Байтұрсынов – Бекбосынов, Момышұлы – Желтоқсан, Дулати – Рысқұлов, Темірлан тас жолы – Мангельдин, Темірлан тас жолы – Желтоқсан, Республика даңғылы – Асқаров көшесі және Темірлан тас жолы – Қожанов көшелеріне қойылады.

Ауыз су бұрқағы қаланың келбетіне эстетикалық көрік қосып, жаяу жүргіншілердің шөлін басады дейді жауаптылар. Себебі, су арнайы сүзгі арқылы өткізіледі. Аталған жұмыстар биылғы жылдың маусым айында басталып, шілде айында аяқталады. Сондай-ақ, субұрқақтар шомылу маусымының соңына дейін жұмыс істейді.