Тауарларға ілеспе құжаттарды рәсімдеу міндетті

14

Әл-Фараби аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы ағымдағы жылдың 1 сәурінен бастап тауарларға ілеспе құжаттарды рәсімдеу бойынша міндеттемелер күшіне енгенін кезекті рет ескертеді.

Рәсімдеуді «Виртуалды қойма» Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін қолдана отырып жүзеге асыруға болады. Айта кетейік, ВҚ модулі, нақты қойманың электрондық аналогы болып табылады. Ол виртуалды қоймаға әкелінген тауарлардың, электрондық қоймалық есебін жүргізуге мүмкіндік береді.

Дархан Аманқұл, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жетекші маманы: «Тауарларға ілеспе құжаттарды рәсімдеуге жататын тауарлардың тізбесі және рәсімдеу қағидалары ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен реттеледі. Тауарларға ілспе жүк құжаттарды рәсімдеу бөлігіндегі бұзушылықтар үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 283-1 бабында әкімшілік жауапкершілік көзделген».

Мұнай, алкоголь өнімдерін және тоңазытқыштар мен мұздатқыштардың іліспе жүк құжаттарын рәсімдеу кезінде «Виртуалды қойма» модулін қолдануға болады. Ал ЕАЭО шеңберінде тауарлардың импорты және эскпорты кезінде айтулы жүйені пайдаланудың қажеті болмайды.

Ал қалған тауарлар бойынша ілеспе жүк құжаттарды қолдану ерікті негізде жүзеге асырылады Айта кетейік, тауарларға ілеспе жүк құжаттарды рәсімдеу электрондық шот- фактуралардың ақпараттық жүйесінде үш тәсілмен жүзеге асады.

Ол  esf.gov.kz порталында, салық төлеушілердің есепке алу жүйелері немесе Электронды шот фактура ақпараттық жүйесі мобильді қосымшасы арқылы. Техникалық қолдау қаржы минситрілігінің мемлекеттік кірістер комитеті сайтында немесе 7 71 72 72-78-72 байланыс телефоны арқылы көрсетіледі