Түркістан облысында тау шыңынан құлап кеткен турист үш күннен бері іздестіріліп жатыр. Алайда нәтижзе жоқ. Оған ауа райының қолайсыздығы да әсер етуде.
Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің аумағында 3 шілдеде теңіз деңгейінен 4236 м биіктіктегі таудың басынан түсу кезінде 3 адамнан тұратын топтың құрамындағы 1967 ж.т. ер адамның арқаны үзіліп, турист мұз үстімен домалап, еңіске қарай құлап кеткен.
6 шілдеде таңғы сағат 6:30-дан бастап ТЖД Жедел-құтқару жасағының 8 құтқарушысы және альпинизм федерациясынан 4 альпинист іздеу жұмыстарына жіберілді.