Úı ANONS Түркістан облысында тау шыңынан құлап кеткен турист үш күннен бері іздестіріліп жатыр

Түркістан облысында тау шыңынан құлап кеткен турист үш күннен бері іздестіріліп жатыр

Түркістан облысында тау шыңынан құлап кеткен турист үш күннен бері іздестіріліп жатыр. Алайда нәтижзе жоқ. Оған ауа райының қолайсыздығы да әсер етуде.

Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің аумағында 3 шілдеде теңіз деңгейінен 4236 м биіктіктегі таудың басынан түсу кезінде 3 адамнан тұратын топтың құрамындағы 1967 ж.т. ер адамның арқаны үзіліп, турист мұз үстімен домалап, еңіске қарай құлап кеткен.
6 шілдеде таңғы сағат 6:30-дан бастап ТЖД Жедел-құтқару жасағының 8 құтқарушысы және альпинизм федерациясынан 4 альпинист іздеу жұмыстарына жіберілді.