Жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін…

36

Ауыл халқының тұрмысын жақсарту үшін кәсіп бастау керек. Кәсіп бастау үшін түрлі жобалар жүзеге асырылуда. Жуырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қырықбаев Темір Базарбайұлы Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданына арнайы іссапармен келіп, алдымен «AMANAT» партиясының Қазығұрт аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұржан Әшіров, аудан әкімі Азизхан Исмаилов, аудандық мәслихаттың төрағасы Тайбек Қалымбетов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихаттың депутаттары, тиісті бөлім және мекеме басшылары мен ауыл округі әкімдері қатысты. Бұл жиынға жиырмаға жуық аудан тұрғындары келіп, жер, ауыз су, білім саласындағы бірнеше мәселе, тазалық, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы саласындағы түйіткілді мәселелер мен әлеуметтік саладағы кейбір бағыттар жайлы сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Ауыл халқына кәсіп бастау үшін қандай көмек көрсетіліп жатқаны да жан жақты түсіндірілді. Бүгінде ауыл халқының тұрымысын түзеу бағытында қолға алынған жобалар жан-жанқты түсіндірілді.

Қоғамдық қабылдауда көтерілген тақырыптардың баршасы ашық талқыға түсіп, жан-жақты шешілу жолдары қарастырылып, тиісті мекемелерге тапсырмалар берілді.

Қоғамдық қабылдау аяқталғаннан соң атаулы тұлғалар аудан жастарымен арнайы кездесіп, жас буын өкілдерінің көкейтесті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады. Болашағымыз жастар десек олардың өсуі, дамуы үшін барынша жағдай жасалуда. Жас буынның басым бөлігі кәсіп бастау үшін неден бастау қажеттігі туралы сауалдарын көлденең тартты. Мәжіліс депутаты соңғы әлетте мемлекет тарапынан қолға алынған түрлі ұлттық жобалар туралы кеңінен әңгімеледі. Жастар кәсіпкерлігін қолдау үшін олардың білім алуына барлық жағдай жасалып жатқанын тілге тиек етті. Одан бөлек, жастар кәсіпкерлігі үшін өте төмен пайызбен несие берілетіндігін де айтып өтті.

Парламент Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев тұрғындар тарапынан айтылған барша ұсыныстарды, республика деңгейінде қаралатын мәселелерді міндетті түрде билік өкілдеріне айтып, шешімін табуына күш салатынын жеткізді.