Әдеп жөніндегі кеңес отырысында бұзушылықтың алдын алу жолдары талқыланды

32

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысында 5 мемлекеттік мекеме басшылығының бұзушылықтардың профилактикасы бағытындағы жұмыс қорытындылары қаралды.

Атап айтқанда, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.Ергештің, Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары С.Ешанкуловтың, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық басқармасы басшысының орынбасары Е.Турмановтың, білім басқармасының басшысы Ж.Тажиеваның және сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының у.м.а. Н.Жунусбековтың есептері тындалды.

Нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңеспен аталған лауазымды тұлғаларға бұзушылықтардың алдын-алуға, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге, ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға, Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтауға, қоғам тарапынан сынға себепкер болмауға, жұмыс режимін сақтауға және мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының қорғалуына байланысты профилактикалық ұсынымдар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ш.Сұлтанхан және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Д.Ергарин мемлекеттік орган басшыларына бұзушылықтарды алдын-алу жұмыстарының жеткілікті деңгейде жүргізілмей жатқанын, аталған бағыттағы жұмысты қатаң бақылауға алып нәтижелі шаралар қабылдау қажеттілігін, сондай-ақ халықты
әуре-сарсаңға салмай, азаматтардың жолданымдарын сапалы қарау бойынша ескертпелер берді.

Айта кету қажет, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасына сәйкес, Департамент Шымкент қаласындағы бірқатар мемлекеттік органдармен бірлесе мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының қорғалу сұрақтарына, оның ішінде қызметшілерге іссапар кезіндегі өтемақыларын төлеу және еңбек демалыстарын беру талаптарының сақталуына талдау жүргізілген. Нәтижесімен мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалып, атқарылған жұмыстар өз нәтижелігін көрсетті. Кеңес отырысында Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ш.Сұлтанхан аталған бағыттағы жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтіп, мемлекеттік орган басшылығына тиісті тапсырмалар берді.