Жыл басынан бері әдеп жөніндегі кеңесте 50 іс қаралған

313
Абдулла Есімханов

Оңтүстікте шенеуніктер жер телімдерін өз туыстарына берген. Қызметтерін асыра пайдаланған екі лауазымды тұлға әкімішілік жауапқа тартылды. Бұл туралы облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Абдулла Есімханов тілшілердің қатысуымен өткен брифингіде мәлім етті.

Абдулла Есімханов

Заңды бұзғандардың бірі – Сарыағаш ауданы Біртілек ауыл округіне қарасты әкімшілік қызметкері. Ол өзінің ұлы мен інісіне тиісті құжаттарға қол қойып, жер учаскелерін жалға беріп отырған. Мұндай жағдай Мақтаарал ауданының Жылы су ауылдық округіне қарасты әкімшілікте де орын алған.

Айта кетейік, жыл басынан бері әдеп жөніндегі кеңесте 50 мәселе қаралған. Оның ішінде 42-сі тәртіптік іс, ал қалғандары сыбайлас жемқорлыққа қатысты. Департаментке келіп түскен ұсыныстар бойынша лауазымды тұлғалардың барлығы жауапқа тартылған.