Даму көрсеткіші жоғары

62

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың жұмыс жоспарына сай әкімдік жиыны мен аппарат мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аппарат қызметкерлері, ауыл округі әкімдері, дербес бөлім басшылары мен тиісті мекеме басшылары қатысты.

Аталған жиынның күн тәртібіне үш мәселе қойылды: 2023 жылғы 6 айдың қорытындысымен Даму көрсеткішінің орындалуы және қаржының игерілуі туралы, аудан көлемінде құрылысы жүргізіліп жатқан нысындарының барысы және жобалық сметалық құжаттамалар (мерзімі өткен, алда жоспарланып жатқан) туралы, аудан көлемінде көгалдандыру, тазалық жұмыстары мен коммерциялық, тұрғын үйлердің, мәдениет нысындарының қас беттері мен көше бойындағы баннерлердің жағдайы барысы қаралды.

Негізінен Қазығұрт ауданында барлық салада даму көрсеткіші жоғарылап келеді. Оның ішінде кәсіпкерлік саласының бәсі жоғары.

Аудан аумағындағы барлық ауылдық округтерде жеке кәсіпкерлігін ашып, ісін ілгерілетіп отырғандар жетерлік. Олардың там-тұмдап болса да аудан экономикасының көтерілуіне қосып отырған үлестері баршылық. Өз кезегінде оған мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаулардың көмегі көп болып отыр. Алдағы уақытта қолдаулардың арқасында кәсіпкерлердің қатары арта түсері анық.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері баяндама жасады. Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, жауап берілді.

Мәжіліс барысында көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, Азизхан Азимханұлы өз ұсыныстары мен нақты тапсырмаларын берді. Мәжіліс соңынан күн тәртібіндегі мәселелер бойынша әкімдік қаулысы қабылданды.