Сауда нүктелеріне мониторинг жұмыстары жүргізілді

50

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында ағымдағы жылдың 20 тамыз күні аудан аумағындағы азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша құрылған жұмысшы топ құрамымен бірге, аудан орталығындағы «Ешанқұл ата» орталық базары мен сауда нүктелеріне мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі таңға, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы Мемлекет басшысының тікелей бақылауындағы маңызды мәселе.

Яғни, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын шекті рұқсат етілген мөлшерінен асқан жағдайда, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне және 2004 жылғы 12 сәуірдегі №544 «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес әр бір сауда нүктелерінің иелеріне Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына рұқсат етілген шекті бағаларының сақталуын қамтамасыз етуді және шекті мәнінен асқан жағдайда заң аясында айыппұл салынатындығы жөнінде толыққанды ақпарат жұмыстары түсіндірілді.

Базарда сауда жасайтын кәсіпкерлер, дүкен иелері жұмысшы топтың түсіндірме жұмыстарынан хабардар екендіктерін жеткізді. Заң талаптарын сақтап, әлеуметтік бағыттағы азық-түлік бағасын шекті бағалардың сақталуын қатаң есте ұстайтындықтарын айтып өтті. Аталған бағыттағы насихат жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.