Шымкентте кикбоксингтен ҚР чемпионаты басталды

49

Үшінші мегаполисте кикбоксингтен ерлер мен әйелдер арасындағы ҚР Чемпионатының ашылу салтанаты болды. Спорттық іс-шараға қатысушы спортшыларды қолдауға жергілікті тұрғындар мен спортшылар келген. Чемпионатқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200-ден аса кикбоксинг шебері қатысып жатыр.

Шымкенттің тумасы Нұрдәулет Қалшұраның кикбоксинг саласында шыңдалып жүргеніне 6 жылдан асқан. Қазір ол ҚР Чемпионатына Астана қаласы командасы атынан қатысып отыр. Ол өзінің чемпионаттағы алғашқы жекпе-жегінде тараздық кикбоксшымен өткізіп, қарсыласын жеңіп шықты.

Нұрдәулет Қалшұра, ҚР Кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері: «Жарысқа жеңімпаздары әлем чемпионатының құрамасына ілінеді.
Менің бірінші қарсыласым тараздың жігіті. Бұл сайыста барлығы бірінші орынды иеленгісі келеді. Келесі жекпе-жекке дайындалып жатырмын”.

Жарысқа Қазақстанның 20 облысынан 20 команда қатысып жатыр. Бәрі дерлік жеңістен үмітті.

Қайрат Смағұлов, ҚР Кикбоксингтен бас бапкер: “Финалға жеткен жігіттер құрама командаға кіреді. Әлем бойынша Қазақстан кикбоксингтен үштікке кіреді. Былтыр қазақстандық 6 спортшымыз Венециядағы әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді. Биыл да сондай нәтиже болады деп ойлаймын”.

Айта кетейік, Шымкентте өтіп жатқан кикбосшылар арасындағы чемпионат 4 күнге созылады. Шараға 18 ден 30 жасқа дейінгі азаматтар қатысып, бақ сынап жатыр.