Шымкенттік баскетболшылар ҚР чемпионатының жеңімпазы

56

 

Шымкент қаласының Қажымұқан атындағы орталық стадионда баскетболдан 2006-2007 жылы туған қыздар арасында Қазақстан Республикасының күзгі чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне Астана қаласы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан облысы және Шымкент қаласынан 2 команда қатысып, бақтарын сынады.

17-23 қараша аралығында өткен бәсекеде жерлестеріміз сәтті өнер көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша Шымкент қаласы бірінші орынды жеңіп алды. Астана қаласы 2-ші, Маңғыстау облысының командасы 3-ші орынға ие болды.

Енді шымкенттік жасөспірім қыздар келесі жарысқа дайындықты бастайды. Алдағы жауапты жарыстарда сәттілік тілейміз!