Тамыз кеңесі: Колледж студенттерінің шәкіртақысы екі есе көбейеді

50

Биыл оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Ал Республикалық тамыз кеңесінде оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы барлық өңірмен онлайн кездесуге шықты. Онда бас педагог жаңа оқу жылында болатын өзгерістерден хабардар етті. 

Биыл оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Бұл туралы тамыз кеңесінде сөз қозғалды. Ал шара қатысушысы 25 жылдық жұмыс өтілі бар педагог Жайна Қарабаева білім саласына деген қолдаудың артып келе жатқанына риза. Ол сонғы уақытта жастардың мектепке қызығушылығы артқанын айтады. Бастысы оларға дұрыс бағыт-бардар бере білу дейді №35 мектеп директоры.

Жайна Қарабаева, №35 мектеп директоры: «Басты мәселе сапалы білім. Әр мұғалім өзіне сапалы білім беремін деп міндет қою керек. Білім мен қатар тәрбие де бере білуі керек. Өзімнің ұжымыма осында айтылған міндеттерді жеткізетін болам».

Дәстүрлі тамыз кеңесі биыл онлайн форматта өтті. Оқу-ағарту министрі бір мезетте барлық өңірлермен байланысқа шығып, биыл педагогтерді қандай өзгерістер күтіп тұрғанынан хабардар етті.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі: «Инженерлік-педагогикалық бағыттағы ұстаздарды ынталандыру мақсатында директорлар мен орынбасарларының жалақысын санатына қарай 30-дан 100 пайызға дейін көтеру жоспарланған. Колледж студенттерін ынталандыру мақсатында стипендиясын 1 қыркүйектен бастап кезең-кезеңімен 2 есеге дейін ұлғайту көзделген».

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова әлемдік стандарт негізінде 34 апталық оқу жүйесіне көшу керектігін айтты. Алайда үшінші мегаполистік халық қалаулысы бұл шешімге келіспейтінін жеткізді. Себебі мектеп оқушылары қайтадан сенбі күні оқуға үйренісуі қиындайтынын айтады.

Бахадыр Нарымбетов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы: «Бұрыннан үйреніп қалған. Естелік бар әрине. Бірақ оған рационалды түрде қарау керек еді. Енді 1 апта алынып тасталды. Балалар қайтадан сенбі күні сабаққа баратын болады. Әрбір реформа артында дұрыс шешім болуы керек. Оны қоғам дұрыс қабылдай ма одан менің күмәнім бар».

Биыл оқулықтардың 80 пайызы цифрлық форматқа көшірілді. Оған қоса жаңа оқу жылынан бастап, тәрбиеге басымдық терілмек. Ол үшін барлық білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмысын бастайды. Мақсаты бала тәрбиесі мен біліміне қатар мән беру.