Түркістан мен Чженчжоу арасында байланыс орнайды

43

Қытайлық кәсіпкерлер Түркістанға инвестиция салуға мүдделі. Осы бағытта Күнгей шаһарға Чжэнчжоулық делегация іс-сапармен келді. Кездесу барасында екі тарап ортақ келісімге келіп, әріптестік байланыс туралы меморандумға қол қойды.

Қытайлық кәсіпкерлер Түркістанға инвестиция салуға мүдделі. Чжэнчжоу муниципалды халық үкіметінің вице-мэрі Ху Цян ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға келіссөз жүргізбекші. Өкіл Күнгей шаһар мен Чжэнчжоудың да тарихи бай ланысы бар екенін айтады.

Ху Цян, Чжэнчжоу муниципалды халық үкіметінің вице-мэрі: «Бүгінгі кездесуге қатысып отырғаныма өте қуаныштымын. Чжэнчжоу да Түркістан сияқты тарихи аймақтардың бірі. Қытайдағы тарихи маңызы бар 8 қаланың қатарына енген. Бұл қала алғашқы ақшаның, кун-фудың Отаны саналады. Әлемдегі әрбір 8 ұялы телефоннның біреуі біздің қалада шығарылады. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық жолы арқылы батысқа қарай жүк көліктері тауар толтырып кеткенімен, бос қайтып жатады. Біз осы олқылықты жойғымыз келеді. Сауданы дамытып, бізге қажетті ауыл шаруашылығы өнімдерін және өзге де қажетті тауарларды сатып алуға мүдделіміз»

Өңір басшысы «Turkistan» арнайы экономикалық аймағында инвесторларға барлық жағдай жасалғанын тілге тиек етті. Ал облыс құрылғалы бері Күншығыс еліне бірнеше рет іс-сапармен барып, кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілген. Нәтижесінде өңдеу өнеркәсібінде бірқатар бірлескен жоба жүзеге асты.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: «Өңдеу өнеркәсібі дамып келеді. Уранның Қазақстанда 80 пайызы Түркістанда өндіріледі. Қытайлық инвестормен бірлесе кәсіпорын ақтық. Бірге жұмыс істеп жатырмыз. Бізде барлық жағдай жасалған»

Кездесу соңында Түркістан қаласының әкімі мен Чжэнчжоулық өкіл екі қала арасында әріптестік байланысты нығайту жөніндегі меморандумға қол қойды.