Маман: Қызылшаға қарсы екпе алмаған азаматтар ауруға жиі шалдығады

39

Шымкентте жыл басынан бері 2300-ден астам адамнан қызылша ауруы анықталған. Оның 80 пайызын 14 жасқа дейінгі балалар құрап отыр. Яғни, аталған аурумен көбінде бала бақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушылары науқастанатын көрінеді. Мамандардың айтуынша, бұл жағдай тұрғындардың қызылша мен қызамыққа қарсы екпе қабылдау мәселесіне немқұрайлы қарауынан туындап отыр.

Жанаргүл Жақсылықова,Шымкент қаласының СЭБД бөлім басшысы: “2023 жылдың 28 қыркүйегіне тіркелген қызылшаның алғашқы диагнозымен 2386 адам ауырды, оның ішінде 1657 жағдайының диагнозы зертханалық және клиникалық көрінісімен расталған, басқа диагнозға 128 ауыстырылған, 601 жағдайда диагноз нақтылауда Ауырғандардың 14 жасқа дейінгі балалар 2052 жағдай (86,0%). Сондай ақ, ауырғандардың 334 жағдайы  (13,9%) егілмеген немесе егілуі белгісіз ересектер”.

Санэпидемиологтардың айтуынша, қызылшамен ауырғандардың 13 пайызы екпе алғандар, ал қалған бөлігін егуден бас тартқандар. Ауруға қарсы екпе бала 1 жасқа толғаннан кейін үш айдың ішінде салынады. Одан соң 6 жасында тағы салынады.

Дәрігерлер екпе алмағандарға емханадан оны тегін салдыруға болатынын ескертеді. Айта кетейік, егу туралы мәліметке қанықпаған азаматтар осы ауруға жиі шалдығады екен. Сондықтан да сала мамандары аурудың клиникалық белгілерін байқаған кезде дереу дәрігердің көмегіне жүгінуге шақырады.