130,4 мың азамат SKILLS.ENBEK.KZ платформасында оқыды

26
Стартаптар конкурсында 17 жоба таныстырылды. Жеңімпаздарды қатысушылар жасырын дауыс беру арқылы анықтады.

Қазақстанда биыл 130,4 мың азамат SKILLS.ENBEK.KZ платформасында оқыды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша олардың  36,6 мыңы – жұмыссыздар. Платформада жалпы 334 мың қазақстандық тіркелген.

«Оқудан өткен 36,6 мың жұмыссыз азаматтың 12,7 мыңға жуығы – негізінен Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласының жастары. Платформа іске қосылған сәттен бастап авторлар онда әртүрлі бағыт бойынша 235 курс жариялады, оның 177-сі тегін. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін», – дейді министрлік.
«Платформада әр түрлі мамандықтар бойынша сертификаттар алды. Әсіресе ақпараттық технологиялар, тұрақтау және тамақтану, қаржы және бухгалтерлік есеп саласында кәсіби дағдыларды дамыту үшін тегін курстар саны үнемі артып келеді», – дейді ведомство.
Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруы тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда сертификат беріледі.