Елімізде 452 мыңнан астам адам жұмыссыз. Сәйкесінше, ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету саласында маман тапшы. Болашақта техникалық мамандарға да сұраныс артады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі мамандары осылай деді.
Ведомство өкілдері Қазақстан жаһандық сын-тегеуріндер мен үрдістерді ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Еңбек нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы әзірленгенін атап өтті. Құжат экономиканың, әлеуметтік тұрақтылық пен елдің дамуының маңызды құрамдас бөлігі ретінде тұрақты еңбек нарығын қалыптастырады.
Асқар Ниязов, халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры:»Бізде қай саланы алмасаңызда елімізде кез келген салада білікті мамандардың жетіспеушілігі көрініп тұр. Жетіспеушіліктің орнын жабу үшін біз жаңағы айтып кеткен тұжырымдамамызда осы екінші бөліміне бет бұрдық. Еліміздің маман дайындау бағытындағы ілгерлетілген жұмыстардың қажеттілігі одан басқа осы мамандарды дайындау барысында біліктілігін арттырып отырудың өзі қазіргі елдің қажеттілігі деп айтуға болады».
Конференцияға қатысқан үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова да қатысты. Вице-премьер қазір әлемдік еңбек нарығы жаңа жаһандық үрдістер мен сын-тегеуріндерге тап болып отырғанын жеткізді. Жалпы «Өзгеріс дәуіріндегі еңбек нарығы» атты халықаралық жиында отандық және шетелдік сарапшылар әлемдік экономиканың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, жаһандық еңбек нарығының даму үрдістерін, сапалы жұмыс орындарын құру мүмкіндіктерін талқылайды.