Қайтарымсыз грантты кімдер ала алады?

101

15 мамырда мемлекеттік гранттың екінші легіне өтініштерді қабылдау басталады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Өтініш business.enbek.kz сайтында қабылданады.

Грант – қайтарымсыз. Көлемі 1 380 000 теңге. Оны әр қатысушы тек бір рет ала алады. Жаңа бизнес идеяларын іске асыру үшін грантқа өтінішті жұмыссыздар, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген мүгедектігі бар адамдар, «қандас» мәртебесі бар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдар мен аз қамтылған және көпбалалы отбасы мүшелері бере алады.