Жыл басынан бері күнгей өңірде кіріс көлемі 123 млрд-қа жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 пайызға артық. Алайда өңір басшысы кей салаларда жұмыс қарқыны бәсең екенін жеткізді. Сондықтан жиын барысында жауапты мамандарға бірқатар тапсырма жүктелді.
Түркістан облысында 3 тоқсанның қорытындысы бойынша оң өсім бар. Жыл басынан бері кіріс көлемі 106 пайызға артты. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 7 процентке артық.
Абдрахман Тасыбаев, Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы: “2023 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша Түркістан облысының бюджетіне 123,5 млрд. теңге көлемінде кіріс түсіп, жоспар 106,7%-ға немесе 7,8 млрд. теңгеге асыра орындалды. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда түсім 8,3 млрд. теңгеге артқан немесе өсу қарқыны 7,2%-ды құрап отыр.”
Облыс әкімі кей бағытта қаржының толық игерілмей қалуы салалар жұмысына кері әсерін тигізетінін ескертті. Бюджеттің әр тиында сұрау бар екенін тілге тиек еткен, өңір басшысы қызмет сапасын арттыруды тапсырды.
Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: «Мен үнемі барлық басқарма басшыларына, аудан, қала әкімдеріне бюджет қаржыларының тиімді әрі мақсатты жоспарлануына және уақытылы игерілуіне қатаң талап болатынын ескертіп келемін. Бюджеттің әр тиынның сұрауы, есебі бар. Жоспарлау дұрыс болса, бұлай болмас еді. Бюджет қаржысын бағыттау барысында да жобалардың мерзімі ескерілмей, қаржы игерілмей жатады”.
Сонымен қатар, жиын барысында облыстың бюджет көлемін республикалық трансфеттер және өз кірістері есебінен ұлғайту барысы талқыланды.