Бұған дейін ұлттық экономика министрлігі кейбір автокөлік иелерін көлік салығынан босатуды ұсынды. Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин көлік салығын бензин акцизінің құнына ауыстыру нұсқасы талқыланып жатқанын мәлімдеген болатын. Көлік салығын қозғалтқыш көлемі 3,5-4 литрге дейінгі автомобильдер үшін алып тастау көзделген еді.